Материалдар базасы
Ұстаздар жариялаған сабақ жоспарлары, мақалалар, презентациялар және т.б.
Табылды: 1
Сценарий (іс-шара) · Мектепке дейінгі тәрбие · Балабақша
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік) Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру. Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады: 1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр! 2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!.... 3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні! 4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді......... 5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе? Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба? 1 - бала: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады) 6 - бала: Өмірдің бейбіт бағы бұл, Асудан асып асқарлы Мінекей биыл тағы бір Жаңа оқу жылы басталды. 7 - бала: Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай мәпелеп, Өсіруде бақшамыз. 8 - бала: Бұл - екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз - осы үйдің гүліміз Біз - осы үйдің сәніміз. 9 - бала: Егемен елдің төсінде, Шуағын шашқан арай күн Азамат болып өсеміз Қызыға әлем қарайтын. 10 - бала: Биіктерге бастайтын асқаралы Әр жүректің сүйікті, асқақ әні Мерекеде бәріміз бір дауыспен Шырқайық еліміздің әнұранын! ҚР Мемлекеттік әнұраны 11 - бала: Бүкіл елде басталып бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны. Білім - ғылым бастауы, мерекелі Құтты болсын бүгінгі Білім күні! 12 - бала: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны Ауламыздың келісіп тұр бар сәні 1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен Құттықтайды меңгеруші баршаны! Сүйікті апайымыз -................................. құрметті сөз кезегін ұсынамыз! Құттықтау сөз 13 - бала: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық. Риза етіп баршаны Әсем әнге саламыз Таудан биік талабы Біз - сүйкімді баламыз! Ән «Сүйкімді баламыз» муз: Б. Жұмабекова (Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысы
Авторы: 1000bala Админ · Жарияланды: 2026 ж. 11 там.
